Алматы облысының Қарасай ауданындағы Абай ауылында картон зауытының аумағында өрт тіркелді. Оқиға орнынан қою қара түтін көтеріліп, елді мекен үстін тұмшалап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қойма аңғарында тұтанған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп, тілсіз жауды ауыздықтауға күш салып жатыр.
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша және зауыт әкімшілігінің айтуынша, ғимарат ішінде адамдар жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Жағдай бақылауға алынған, тиісті қызметтер жұмысын жалғастырып жатыр.
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты