• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 20:33

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі

20 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, биылғы 4 мамырдан бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер институтын енгізуді бастайды. Бұл қадам ішкі қарыз нарығын дамыту мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды реформалардың бірі болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде бастапқы дилерлер ретінде ЦентрКредит Банкі, Еуразиялық Банк, Kaspi Bank, ForteBank және Қазақстан Халық Банкі белгіленді. Аталған қаржы институттары нарықта жаңа жүйе бойынша жұмыс істейтін болады.

Жаңа модельге сәйкес, бастапқы дилерлер мемлекеттік бағалы қағаздарға тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді және қайталама нарықта екіжақты баға белгілеу механизмін қолдап, ашық әрі өтімді баға қалыптастыруға жағдай жасайды.

Сонымен қатар, нарықтың басқа қатысушылары үшін қайталама нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер жасау мүмкіндігі толық әрі кедергісіз сақталады.

Ескі 2000 теңгелік банкноттар қашанға дейін жарамды?

Жаңа жүйенің енгізілуі арқылы өтімділікті арттыру, спредтерді тарылту, баға белгілеудің тұрақтылығын күшейту және инвестициялық операцияларды жеңілдету көзделіп отыр. Бұл инвесторлар үшін нарықты неғұрлым болжамды әрі тартымды етеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба нарықтық өтімділікті едәуір арттырып, инвесторлар базасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік облигациялардың халықаралық тартымдылығы өсіп, оларды JPMorgan GBI-EM сияқты жаһандық индекстерге енгізуге жол ашылады.

Бұл өз кезегінде үкіметтің қарыз алу шығындарын азайтуға және қаржы нарығының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банк ішкі қарыз нарығын дамытуға бағытталған реформаларды кезең-кезеңімен жалғастырып, оның ашықтығы мен тұрақтылығын күшейтуге басымдық беретінін атап өтті.

Бағалы қағаз һәм банкнот

Соңғы жаңалықтар