• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды

30 рет
көрсетілді

Алматы қаласында еліміз үшін жаңа инфрақұрылымдық нысан – Қазақстандағы алғашқы крематорий іске қосылды. Нысан қалалық патологоанатомиялық бюроның қарауына беріліп, қаладағы жерлеу қызметтері жүйесінің бір бөлігіне айналды, деп жазады Egemen.kz.

Кремация қызметі дәстүрлі жерлеу рәсіміне ерікті балама ретінде ұсынылады, бұл тұрғындарға жеке көзқарасы мен мәдени ерекшеліктеріне сай таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, крематорий заманауи талаптарға толық сай жабдықталған. Мұнда көпсатылы тазарту жүйесі бар екі пеш орнатылған. Қолданылатын технология түтін газдарының толық жанып кетуін қамтамасыз етіп, иіс пен көрінетін түтіннің пайда болуына жол бермейді. Сонымен қатар нысан экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.

Алматыдағы крематорий жақын күндері жұмысын бастайды

Бір кремация рәсімі шамамен екі сағатқа созылады. Толық жүктеме кезінде крематорий тәулігіне 8 рәсімге дейін қабылдай алады. Қызмет көрсету үдерісі – құжаттарды қабылдаудан бастап, марқұмды сәйкестендіру және күлін туыстарына табыстауға дейін – қатаң бақылау тәртібімен жүзеге асырылады.

Нысанда жақындарын ақтық сапарға шығарып салуға арналған арнайы залдар қарастырылған. Қызметкерлер шетелдік тәжірибеден өтіп, санитарлық және этикалық талаптарды қатаң сақтай отырып жұмыс істейді.

Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді

 

Соңғы жаңалықтар