Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды. Қазақстандықтардың 86,7%-ы референдумда «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.
Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан.
Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді.
Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.
Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтті. Ел бойынша дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеді.
Дауыс беру құқығына 18 жастан асқан, сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие болды. Тізімге барлығы 12 461 796 адам енгізілді.
Референдум күні ел бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Сондай-ақ әлемнің 54 еліндегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанынан 71 учаске ашылды.
Байқаушылар: Референдум барысында заңбұзушылықтар тіркелген жоқ
Ал 92 учаскеде, негізінен әскери бөлімдерде, комиссиялар жұмысын ертерек – сағат 06:00-де бастады.
Сонымен қатар референдумда 9 126 850 азамат өз таңдауын жасады. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 %-ын құрады. Айта кетейік, референдумның ресми нәтижелері 2026 жылғы 21 наурызға дейін жарияланады.
Қазақстанда референдумға арналған сайлау учаскелері жабылды