• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Алматылықтар соңғы 5 жылдағы ең жоғары дауыс беру белсенділігін көрсетті

20 рет
көрсетілді

Алматы тұрғындары республикалық референдумда соңғы бес жылдағы ең жоғары дауыс беру белсенділігін көрсетті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес, қаладағы сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 33,43 пайызды құрады. Бұл 2020 жылдан бері өткізілген референдумдармен салыстырғанда жоғары нәтиже болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдауға арналған референдум аяқталды. Алматыда таңертеңнен бастап қала тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысып, бұл науқанға үлкен қызығушылық танытты. Көптеген сайлау учаскесінде келушілерді музыкамен және түрлі шағын көріністермен қарсы алып, мерекелік атмосфера қалыптасты.

Алматы қалалық ӨКҚ мәліметінше, қалада таңғы сағат 07:00-ден бастап 653 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Учаскелер ашылған алғашқы сағаттардың өзінде-ақ дауыс бергісі келген азаматтардың кезегі байқалды.

Референдумда дауыс бергендер саны 9 миллионнан асты

Жалпы алғанда, дауыс беру барысы тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өтті. Әртүрлі қоғамдық ұйымдардың бақылаушылары ешқандай заңбұзушылықтар тіркелмегенін хабарлады.

ІІМ: Референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ

Соңғы жаңалықтар