• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 21:31

Референдум күні Алматыда 44 сәби дүниеге келді

10 рет
көрсетілді

15 наурыз күні Алматы қаласында республикалық референдум өтіп жатқан уақытта 44 сәби дүниеге келді. Қала әкімдігінің мәліметінше, сол күні перзентханаларда жатқан 558 әйел дауыс беруге де мүмкіндік алған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алматы қаласының перзентханаларында 15 наурыз күні сағат 00:00-ден 14:00-ге дейін 44 сәби дүниеге келді. Олардың 21-і ұл, 23-і қыз бала.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарының жағдайы жақсы, барлығы мамандардың бақылауында.

Елімізде Конституция есімді қанша адам бар?

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, осы күні босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдарда пациенттердің республикалық референдумға қатысуына мүмкіндік ұйымдастырылды.

Үш перинаталдық орталық пен үш перзентханада стационарда ем алып жатқан жүкті және босанған 558 әйел дауыс беруге қатысты.

Қазақстанда референдумға арналған сайлау учаскелері жабылды

Пациенттер үшін дауыс беру процесі емдеу және босанғаннан кейінгі қалпына келу тәртібін бұзбай өткізілді.

Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтті. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеді.

Референдумда дауыс бергендер саны 9 миллионнан асты   
Соңғы жаңалықтар