Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумға азаматтардың келуі туралы кезекті ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
Абай облысы – 73,84 %;
Ақмола облысы – 77,72 %;
Ақтөбе облысы – 83,12 %;
Алматы облысы – 70,27 %;
Атырау облысы – 71,08 %;
Батыс Қазақстан облысы – 66,90 %;
Жамбыл облысы – 81,07 %;
Жетісу облысы – 73,84 %;
Қарағанды облысы – 81,44 %;
Қостанай облысы – 80,11 %;
Қызылорда облысы – 91,80 %;
Маңғыстау облысы – 76,84 %;
Павлодар облысы – 71,85 %;
Солтүстік Қазақстан облысы – 68,58 %;
Түркістан облысы – 82,03 %;
Ұлытау облысы – 70,57 %;
Шығыс Қазақстан облысы – 83,63 %;
Астана қаласы – 56,72 %;
Алматы қаласы – 32,82 %;
Шымкент қаласы – 74,44 %.
Жалпы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 70,98 пайызын құрады.
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: Қатысушылар қандай тақырыптарды талқылады?
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат 20.00-дегі жағдай бойынша сағат 20.30-да беріледі.
Қазақстан спортшылары Өзбекстанда өз таңдауын жасады