• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:28

Таразда референдум аясында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

10 рет
көрсетілді

Таразда республикалық референдум аясында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі «Жастар аллеясы» алаңы мен Алатау шағын ауданында қатар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұндағы тауарлар құны өзге сауда нысандары мен базар бағасынан – 15-20%-ға төмен. Өйткені мұнда облыс орталығындағы тауар өндірушілер мен тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілген. Сүт, ет өнімдері, ауылдың айраны мен құртын қала тұрғындары қуана алып жатыр. Жәрмеңкеге жеткізілген өнімдердің жалпы құны 19 млн теңгені құрайды. 24 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы тауарының ішінде 10 тоннадан астамы жеміс-жидек пен көкөніс.

Қайырымдылық жасау күні: Елордада волонтерлер ыстық шай мен бауырсақ таратты

«Таң бозғарған шақта референдум учаскесіне барып, таңдауымызды жасадық. Оның үстіне бүгін осында жақсы іс-шаралар болып жатыр. Азық-түлік өте арзан, ойын-сауық іс-шаралары өтіп жатыр. Халқымыз үшін өте керемет. Осындай ұйымдастырулар ары қарай жалғасын таба берсін», деді қала тұрғыны Ақбота Құлымбет.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өз таңдауын жасады

Соңғы жаңалықтар