• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

ТҮРКПА байқаушылары: Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр

20 рет
көрсетілді

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) байқаушылары референдумдағы дауыс беру үдерісіне қатысты пікір білдірді, деп жазды Egemen.kz.

ТҮРКПА өкілдері Қазақстан халқы референдумда белсенді дауыс беріп жатқанын атап өтті.

Айтуларынша, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының байқаушылары Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы 45 сайлау учаскесіне барған.

Батыс Қазақстанда «Жәңгір хан» дауыс берді

ТҮРКПА Бас хатшысы Рамиль Сагиб оглы Гасан Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында миссия мүшелері дауыс берушілердің құқықтарының бұзылу фактілерін байқамағанын айтты.

«Қазақстан халқы бұл үдеріске ерікті түрде, белсенді қатысып, өз дауыстарын беріп жатыр», деді спикер.

Хандар мен билердің таңдауы: Жетісайдағы референдумның ерекше қонақтары

Соңғы жаңалықтар