Елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға қоғамның түрлі саласының өкілдері белсенді қатысып жатыр. Солардың қатарында мотоспортты серік еткен азаматтар да бар. Chingizkhan мото-клубы мүшелері де ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Клубтың вице-президенті Асылбек Сәбиров №95 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Оның айтуынша, клуб мүшелері қоғамдық-саяси науқандарға әрдайым белсенді қатысуға тырысады.
– Біз клуб мүшелері ретінде ел өміріндегі маңызды оқиғалардан қалыс қалмаймыз. Жаңа Конституция жобасымен әлеуметтік желілер, газеттер мен телеарналар арқылы таныстық. Әрқайсымыз өз пікірімізді қалыптастырып, бүгін референдумға келіп, таңдауымызды жасадық, – дейді ол.
Ал клуб мүшесі, мотобайкер Мишен Петр №69 референдум учаскесіне барып, өз дауысын берді. Оның пікірінше, референдум – әр азаматтың ел болашағына қатысты көзқарасын білдіруге мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үрдіс.
Ваагн Овакимян: Қазақстан халқының ауызбіршілігіне тәнті болдым
Мотобайкерлердің айтуынша, азаматтық белсенділік тек қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, қоғамның барлық тобының қатысуымен нығая түседі. Сондықтан олар елдік маңызы бар науқандарға қатысуды өздерінің азаматтық міндеті деп санайды.
Алматыда референдум барысын 1300-ден астам тәуелсіз бақылаушы қадағалап отыр