• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Маңғыстау облысында сайлау учаскелерінде фотозоналар ұйымдастырылды

10 рет
көрсетілді

Бүгін республикалық референдум өткізілуіне байланысты Маңғыстау облысының бірқатар сайлау учаскелерінде арнайы фотозоналар ұйымдастырылды. Олар тақырыптық баннерлер мен пресс-стендер арқылы бірыңғай визуалды стильде безендірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фотозоналар референдум күні мерекелік атмосфера қалыптастыру және біртұтас ақпараттық-визуалды кеңістік құру мақсатында жасалған. Барлық алаңдар ортақ стилистика, визуалды элементтер мен науқанның символикасын пайдалана отырып, сондай-ақ #Референдум2026 хэштегімен безендірілген. Бұл шараның жалпыұлттық ауқымын айқындай түседі.

Атыраулық әжелер референдум учаскесіне ақ кимешекпен келді

Дауыс бергеннен кейін өңір тұрғындары баннерлер мен пресс-стендердің алдында суретке түсіп, ел үшін маңызды күнге қатысқан сәттерін естелік ретінде сақтап қалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірыңғай визуалды форматтағы безендіру оқиғаның маңыздылығын айқындап, осы күннің естелік сәттерін сақтауға мүмкіндік береді.

Референдумда дауыс бергендер саны 51,93 пайызға жетті

Соңғы жаңалықтар