Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізіп, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Журналистердің бірі кейбір сарапшылар «Конституциялық реформа – билік транзитіне, Президент сайлауына дайындық» деген пікір айтып жүргенін атап өтіп, Вице-Президент лауазымының не үшін қажет екенін сұрады.
«Вице-Президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. Шын мәнінде, бірқатар шет мемлекетте Вице-Президент лауазымы бар. Кейбір сарапшылар «Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдістер жүреді, елге зиян келеді» деген пікір білдіруде. Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ. Вице-Президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады. Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал Президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді», деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ