• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Жетісуда қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетіп жатыр

20 рет
көрсетілді

Текелі қаласында маңызды саяси науқан – референдум күні тұрғындардың өз азаматтық таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауына барлық мүмкіндік қарастырылды. Сол игі бастамалардың бірі – қоғамдық көліктің бүгін тегін қызмет көрсетуі, деп жазады Egemen.kz. 

Бүгін қала ішіндегі барлық бағытта қатынайтын автобустар таңғы сағат 07:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жолаушыларды ақысыз тасымалдап жатыр. Бұл шара тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне еш кедергісіз жетуіне жағдай жасап, ел болашағына қатысты таңдау жасауына қолайлы мүмкіндік беріп жатыр.

Әсіресе, мұндай жеңілдіктің қала шетінде тұратын азаматтар, қарттар мен зейнеткерлер, сондай-ақ көпбалалы отбасылар үшін маңызы ерекше.

Республика бойынша 4,6 млн-нан астам адам дауыс берді

Қоғамдық көліктің тегін жүруі тұрғындардың белсенділігін арттырып, дауыс беру учаскелеріне баруды жеңілдетті. Бұл – халыққа көрсетілген нақты әлеуметтік қолдаудың бір көрінісі.

Соңғы жаңалықтар