• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Ұлытау облысында өндіріс саласының қызметкерлері дауыс берді

20 рет
көрсетілді

Ұлытау өңірінде өткен референдумда түрлі сала өкілдері белсенділік танытып, өз азаматтық позицияларын білдіру үшін учаскелерге келді. Солардың қатарында өндіріс, кәсіпорын саласының қызметкерлері мен жұмысшылары да бар, деп жазады Egemen.kz.

Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» ЖШС өндіріс саласының мамандары да өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, референдумға ұжымдық түрде қатысып, дауыс берді.

Өндіріс орындарында еңбек етіп жүрген мамандар арнайы уақыт бөліп, белгіленген учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасады. Кәсіпорын қызметкерлері ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға бейжай қарамай, азаматтық жауапкершіліктерін танытты.

«Қазақмыс» ЖШС ұжымының өкілдері мұндай маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әр азаматтың пікірі маңызды екенін атап өтті. Сондықтан өндіріс мамандары референдумға қатысуды ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі деп санайды.

Халықаралық байқаушы: Дауыс беру үдерісінің ашықтық деңгейі өте жоғары

Қаражал қаласында да өңірдегі ірі кәсіпорындар өз қызметкерлерімен бірге ел болашағы үшін маңызды қадам жасап, референдумға белсенділік танытты.

Өркен ЖШС өкілдігі «Өркен-Атасу» кәсіпорны – 78 қызметкер, «Марганец Жәйрем» АҚ – 45 қызметкер, Жәйрем кен байыту комбинаты АҚ – 80 қызметкер өз таңдауларын жасады.

ШЫҰ бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын жоғары бағалады

Дауыс беру учаскелерінде барлық қажетті жағдайлар жасалып, тұрғындардың еркін әрі ашық түрде дауыс беруіне мүмкіндік берілді. Учаскелерде қоғамдық тәртіп сақталып, дауыс беру үдерісі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Бұл қоғамның жауапкершілігін сезініп, ортақ мақсатқа бірігуіміздің көрінісі.

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар