Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54% құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі:
Абай облысы – 41,93%; Ақмола облысы – 44,66%; Ақтөбе облысы – 45,73%; Алматы облысы – 40,41%; Атырау облысы – 42,29%; Батыс Қазақстан облысы – 36,59%; Жамбыл облысы – 35,86%; Жетісу облысы – 43,32%; Қарағанды облысы – 42,95%; Қостанай облысы – 37,10%; Қызылорда облысы – 43,18%; Маңғыстау облысы – 34,57%; Павлодар облысы – 36,57%; Солтүстік Қазақстан облысы – 41,64%; Түркістан облысы – 44,13%; Ұлытау облысы – 36,59%; Шығыс Қазақстан облысы – 42,88%; Астана қаласы – 31,23%; Алматы қаласы – 14,85%; Шымкент қаласы – 42,59%.Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды.
Үш сағаттың ішінде 2 миллионнан астам адам дауыс берді
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 14:00-де беріледі.