• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

«Такси апа» таңдау жасады

20 рет
көрсетілді

Абай облысы, Аягөз қаласының тұрғыны Оразхан Манабаева апамыз таң ата референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Egemen.kz.

79 жастағы қария шамамен қырық жыл бойы такси жүргізушісі болып еңбек етіп, Аягөз халқының арасында ерекше құрметке ие болды. Күн-түн демей рөлге отырып, талай жолаушыны діттеген жеріне жеткізген ол адал еңбегімен ел есінде қалды. Сол себепті жерлестері оны жылы ықыласпен «такси апа» деп атайды.

Оразхан апа дауыс беру рәсіміне Аягөз қаласындағы «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» ғимаратында ұйымдастырылған референдум бөлімшесі қатысты. Қария референдумға қатысу – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын әр азаматтың борышы екенін айтты.

Есік қаласындағы референдум учаскесіне «Алтын адам» келді

Айта кетейік, Аягөз ауданында барлығы 40 референдум учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар тізіміне дауыс беруге құқығы бар 39 251 азамат енгізілген.

Алматының Наурызбай ауданындағы референдум учаскесіне батырлар келді

Абай облысы, Аягөз ауданы

Соңғы жаңалықтар