• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Халықаралық байқаушы: Дауыс беру үдерісінің ашықтық деңгейі өте жоғары

50 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бударина елімізде өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа Конституция жобасына қатысты жалпыхалықтық референдумға халықаралық байқаушы ретінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр. Соның бірі – Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бударина Астанадағы бірқатар референдум учаскесінің жұмысымен танысып, дауыс беру барысын бақылап шықты. Оның айтуынша, референдумда азаматтардың өз еркін білдіруіне толық жағдай жасалған.

«Бүгінгідей маңызды саяси оқиғаны бақылау мақсатында біз көптеген учаскеге алдын ала ескертусіз бардық. Ешқандай артық әрекет байқалмады. Дауыс беру үдерісінің ашықтық деңгейі өте жоғары. Учаскелерде көптеген бақылаушылар отыр. Бұл, сөзсіз, Референдум комиссиясының қарқынды жұмысының нәтижесі», дейді Наталья Бударина.

ШЫҰ бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын жоғары бағалады

Халықаралық байқаушының сөзінше, учаскелерде дауыс беріп жатқан азаматтардың қарасы қалың.

«Тұрғындар таңдауын жасауға тоқтаусыз келіп жатыр. Әсіресе, кішкентай балаларын ертіп келген отбасылар көзге жылы ұшырады. Қазақстан үшін тарихи маңызды күнде бұл ел азаматтарының жауапкершілігін аңғартады» дейді Н. Бударина.

ТМД ПАА байқаушылары: Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар