• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 11:36

ТМД ПАА байқаушылары: Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр

20 рет
көрсетілді

Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісі төрағасының орынбасары, ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі Зияфет Аббас Оглу Аскеровтің айтуынша, миссия Қазақстанда үшінші күн жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобы бүгін таңертең бақылау жұмысын бастап, бірнеше дауыс беру учаскесінде болған. 

Үш сағаттың ішінде 2 миллионнан астам адам дауыс берді

«Алғаш барғанымыз – №128 учаске. Оның ашылуына қатыстық. Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр. Адамдардың көңіл күйі жақсы», деді спикер ОКҚ алаңында «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында өтіп жатқан брифинг барысында.

Еске сала кетейік, бүгін республикалық референдум аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафоны өтіп жатыр. Марафон барысында Орталық коммуникациялар алаңында республикалық референдумның өту барысына қатысты ресми органдар өкілдері мен сарапшылар әр екі сағат сайын тікелей эфирд пікір білдіреді.

Соңғы жаңалықтар