• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Ақтаулық белсенді жас алғаш рет дауыс берді

10 рет
көрсетілді

Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласында өтіп жатқан республикалық референдумға Yessenov университетінің 1-курс студенті, болашақ заңгер Бекзат Қадірбай қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас сайлаушы Ақтау технологиялық колледжінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді түрде атсалысты. Ол референдум күні ұйымдастырылған тегін қоғамдық көлікті пайдаланып, дауыс беруге арнайы келді.

Өңір тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр

Бекзат Қадірбайдың айтуынша, референдум – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауына мүмкіндік беретін саяси науқан.

«Референдумға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі. Әсіресе жастар ел болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды шешімдер қабылданатын сәттерде белсенділік танытуы керек», деді белсенді жас Бекзат Қадірбай.

 

Соңғы жаңалықтар