Балқаш қаласының 99 жастағы ардақты анасы Кәмпит Төлендинова республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Кәмпит әже Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясындағы №204 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғасыр жасаған ақ жаулықты ана ел тағдырына қатысты маңызды саяси науқаннан қалыс қалуды жөн көрмегенін айтады.
– Балаларымның, немерелерім мен шөберелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Халқымыз аман болсын, еліміз тыныш болсын! Қазақстанымыз жасай берсін! Балқашымыз гүлдене берсін! Оразаларыңыз қабыл болсын! Келе жатқан қазақтың жаңа жылы – Наурыз құтты болсын! Мен енді жүзге таяп қалдым ғой, берген батам қабыл болсын! – деп ақ батасын жаудырды Кәмпит әже.
Айта кетейік, Кәмпит Төлендинованың жары, марқұм Жазбек Сатымбекұлы – Балқаш қаласының қоғамдық-саяси және мәдени өміріне зор үлес қосқан тұлға. Ол ұзақ жылдар журналистика саласында еңбек етіп, Балқаш телестудиясының директоры қызметін атқарған. 2000 жылы оған «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген. Сондай-ақ, 2010 жылдан бері Балқаш қаласында бір көше Жазбек Сатымбекұлы Төлендиновтің есімімен аталады.
Өңір тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр
Ақжаулықты ананың елдік іске үн қосып, өз таңдауын жасауы – кейінгі ұрпаққа үлгі, қоғамға өнеге.
102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері референдумда дауыс берді
Қарағанды облысыБалқаш қаласы