«Еліміздің болашағына аз да болса өз үлесімді қосып, оған әсер ете алатыныма қуаныштымын», деп бөлісті бойжеткен.
Арыс қаласында Айкүміс Кәрім алғашқы дауысын дәл туған күнінде берді. Жас сайлаушыға сайлау учаскесінің мүшелері символикалық сыйлық пен гүл шоқтарын табыстады. Бұл оның азаматтық белсенділігінің есте қаларлықтай басталуына септігін тигізді.Референдум: Еліміздің чемпиондары өз таңдауын жасады
Маңғыстау облысындағы №203 учаскеде жас жұбайлар – Асқарбек Чоғданбаев пен Наурызгүл Тәжедин бірге таңдау жасады. «Референдум – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды қадам. Жас отбасы ретінде біз өз таңдауымызды жасадық», деді олар. Ақтау қаласында Yessenov University-дің 1-курс студенті Бекзат Қадірбай алғаш рет дауыс берді. Ол референдумға қатысу – азаматтық жауапкершілік екенін, ал жастар маңызды мемлекеттік шешімдерге бейжай қарамауы тиіс екенін қадап айтты. Дауыс беру күні тұрғындардың учаскелерге баруын жеңілдету үшін қалада қоғамдық көлік қатынауы тегін ұйымдастырылды.Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды
Акция жастардың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және саяси процестерге қызығушылығын оятуға бағытталған. Жас сайлаушылар өз дауыстарының маңызы бар екенін және ел болашағына әсер ете алатынын алғаш рет сезінген.
Сайлау учаскелеріне алғаш рет келген жастар үшін бұл күн – үлкен азаматтық өмірге қадам басудың және ел тағдырына атсалысуға ұмтылудың символы. Алғаш дауыс берушілердің белсенділігі бүкіл ел жастары үшін отансүйгіштіктің үлгісіне айналып отыр.