• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі ашылды

20 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында бүгін 261 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Оның ішінде 12-сі – жабық учаске. Барлық учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңір бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны 444 198 адамды құрайды.

Референдумға қатысушылар үшін ыңғайлы әрі қолжетімді дауыс беру мақсатында барлық қажетті жағдай жасалған. Учаскелерде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ашық әрі айқын ұйымдастырылған. Комиссиялардың жұмысына бақылаушылар қатысып, дауыс беру рәсімінің заңдылығы мен ашықтығын қадағалап отыр.

101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді

Өңірлік бөлініс бойынша ең көп учаске Ақтау қаласында орналасқан – 94, Жаңаөзен қаласында – 41, Мұнайлы ауданында – 42, Бейнеу ауданында – 30, Маңғыстау ауданында – 22, Қарақия ауданында – 18, ал Түпқараған ауданында 14 референдум учаскесі бар.

Референдум мен жәрмеңке бір жерде: Атырауда дауыс беру ерекше форматта өтіп жатыр

Айта кетейік, референдум барысында өңір тұрғындары өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, елдің қоғамдық-саяси дамуына қатысты маңызды мәселелері бойынша дауыс бере алады.

 

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар