• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған

50 рет
көрсетілді

Бүгін республикалық референдум аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафоны өтіп жатыр. Марафон барысында Орталық коммуникациялар алаңында республикалық референдумның өту барысына қатысты ресми органдар өкілдері мен сарапшылар әр екі сағат сайын тікелей эфирде пікір білдіреді, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шара аясында орталық коммуникациялар алаңынан Сыртқы істер министрлігі, ІІМ және Бас прокуратура өкілдері маңызды мәліметтермен бөлісті. 

«Референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істейді. Әскери cаяси оқиғалар мен шетелдегі дауыс беретін азаматтар санының аздығына байланысты 10 елдегі 11 учаске ашылмайды. Жалпы шетелдердегі учаскелерден дауыс беретін азаматтардың саны − 14380 адам. Референдумда дауыс беру Астана уақытымен 3-те Токио және Сеул қаласында басталды. 9-ға дейін 34 учаске ашылып, ол жерде 354 адам дауыс беріп үлгерген», деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады

Сондай-ақ Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов дауыс беру заң аясында өтіп жатқанын мәлімдеді.

«Тыныштық күні қоғамда екі заңсыз сауалнама жүргізу фактісі анықталды. Тұлғалар анықталып, кінәсін толық мойындады. Заңсыз жазбалар жойылды. Дауыс беру күні де үгіт-насихатқа тыйым салынады», деді Бекжан Қараманов.

Орталық коммуникациялар алаңында Ішкі істер министрлігі ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ішкі істер органдары референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп жатқанын хабарлады. 

Референдум: Ұлытау облысында 127 учаске жұмысын бастады

«Барлық жеке құрам қызметтің күшейтілген режиміне көшірілген. Басшылық және командалық құрам тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, референдум учаскелері алдын ала тексерілді. Олардың техникалық, өрт қауіпсіздігі, терроризмге қарсы қорғанысы қаралды. Барлық учаске тәулік бойы күзетке алынған. Полиция қызметкерлері дауыс беру залдарында болмайды. Олар тек комиссия төрағасының шақыруымен және қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ғана кіре алады. Қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты. Толық бақылауда», деді Шыңғыс Әлекешев.

Шетелдегі ел азаматтары референдумға қатысып жатыр

Соңғы жаңалықтар