• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Референдум: Ұлытау облысында 127 учаске жұмысын бастады

30 рет
көрсетілді

Учаскелер қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, дауыс беруді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Референдумды өткізу үшін облыста 6 аумақтық және 127 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Комиссиялардың құрамында барлығы 845 адам бар, деп жазады Egemen.kz.

Жәйрем кентіндегі 6 учаскеде тау-кен байыту комбинатының ауысымдық жұмыс кестесіне байланысты дауыс беру сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін ұйымдастырылады.

Ұлытау облысы бойынша дауыс беру тізіміне 136 447 азамат енгізілген.

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Барлық учаскелер пандустармен және арнайы тұтқалармен жабдықталған. Сондай-ақ кресло-арба пайдаланатын азаматтарға волонтерлар көмегі көрсетіліп, облыс бойынша 7 инватакси қызметі жұмыс істейді.

Шетелдегі ел азаматтары референдумға қатысып жатыр

Алғашқылардың бірі болып Ұлытау облысы Ассамблея жастарының жетекшісі Пак Евгений Вячеславович дауыс берді. Ол Жезқазған қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-де бас сарапшы болып жұмыс істейді. Евгений Пак Ұлытау облысының жастары арасында мемлекеттік саясатты насихаттау және этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының жұмысын ұйымдастыру ісінде өте белсенділік танытып жүрген жалынды жас. 

Ол жетекшілік ететін «Ассамблея жастары» күні кеше ғана Көрісу күніне орай өңірдегі ардақты әжелердің үйіне барып, мерекемен құттықтады. Жастар жылы лебіздері мен ізгі тілектерін айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, үлкендерге құрмет көрсетіп, торт пен бауырсақ апарып, дастарханға тарту етті.

«Мен Ұлытау облысы, Жезқазған қаласындағы 20 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысымды бердім. Бұл менің Қазақстан азаматы ретінде ұстанған азаматтық позициям деп білемін. Референдумның жұмысына сәттілік тілеймін!», дейді алғашқылардың бірі болып дауыс берген Евгений Пак.

Референдум – әлемдік БАҚ назарында

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар