• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Бірқатар өңірдегі учаскелерде ұзын-сонар кезек пайда болды

20 рет
көрсетілді

Еліміздің бірқатар өңірінде референдумға қатысушылардың белсенділігі жоғары. Атап айтқанда, Абай, Қостанай және Маңғыстау облыстарының тұрғындары таң атпастан сайлау учаскелеріне ағылып, өз таңдауларын жасауға асығыс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сағат 08:30-дағы мәлімет бойынша, аталған аймақтарда сайлаушылар көбейіп келеді. Дауыс беру учаскелерінде ұзын-сонар кезег байқалғанымен, азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі. Желіде жарияланған фото және бейнематериалдардан тұрғындардың ауызбіршілік пен достық ниетте жиналғанын аңғаруға болады.

Астанада референдум учаскесіне робот-итпен келген қыз жұрт назарын аударды

Айта кетейік, мұндай жоғары белсенділік республиканың өзге өңірлерінде де байқалады. Бұл бұқара үшін бүгінгі саяси науқанның маңызы зор екенін айғақтайды.

Брайль қарпі, сурдоаударма және еріктілер: Дауыс беру учаскелерінде барлық жағдай жасалған

Соңғы жаңалықтар