• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Брайль қарпі, сурдоаударма және еріктілер: Дауыс беру учаскелерінде барлық жағдай жасалған

30 рет
көрсетілді

Атырау облысының Аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева өңірдегі дауыс беру барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, референдумды өткізуге 285 комиссия қатысып отыр, олардың құрамында 2 091 адам бар. Оның ішінде 9 комиссия – аумақтық, 276-сы – учаскелік комиссиялар, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Референдумның барлық 276 учаскесі ашылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес учаскелік референдум комиссиялары таңғы сағат 6:00-де өз жұмысына кірісті, деді Атырау облысының Аумақтық референдум комиссиясының төрағасы.

Жалпы, дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталды. Атырау облысының Аумақтық референдум комиссиясының шешімімен әскери бөлімде құрылған №75 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды.

Бүгін елордада «Референдум-2026» онлайн марафоны өтеді

Облыс бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне 416 619 адам енгізілген, олардың 4 699 мүгедектігі бар тұрғындар.

«Дауыс беру орындарында мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Бүгін қажеттілікке қарай 137 инватакси қызмет көрсетеді, 27 сурдоаудармашы жұмыс істейді. Барлық учаскелер арнайы бұрыштармен және дауыс беруге арналған кабиналармен жабдықталған. Учаскелерде жаңа Конституция жобасының мәтіні жазылған плакаттар, мәтіннің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудионұсқалары орналастырылған. Сонымен қатар, Брайль қарпімен жазылған бюллетень трафареті, қосымша жарық шамы, құлаққап, үлкейткіш әйнек, бюллетеньді толтыру бойынша аудионұсқаулық бар. Бүгін Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері еріктілермен бірге қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарға көмек көрсетіп, оларды дауыс беру орындарына дейін алып барады», деді Ә.Қыстаубаева.

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру басталды

Атырау облысында дауыс беру барысын бақылау үшін 17 қоғамдық бірлестік пен үкіметтік емес ұйым, ал республикалық деңгейде 11 ұйым аккредиттелген. Дауыс беру басталған сәтте учаскелерде 285 бақылаушы өз жұмысына кірісті.

«Бүгін облыс бойынша 210 референдум учаскесінде азаматтарды іздестіруге арналған сервистік қызметтердің жұмысы ұйымдастырылған. Оның 121-і Атырау қаласында орналасқан. Егер азамат учаскедегі тізімнен табылмаса, сервистік қызмет арқылы арнайы дайындықтан өткен комиссия мүшелері оның қай учаскеде тіркелгенін анықтауға көмектеседі», деді Ә.Қыстаубаева.

Дауыс беру күніне дейін облыс бойынша азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына дауыс беру күні, уақыты мен орны көрсетілген 400 мыңнан астам жеке шақыру хаттары жеткізілді. Екінші деңгейлі банктер PUSH-хабарламалар жіберсе, байланыс операторлары SMS шақыру жолдады.

Алматыда сайлаушыларға фотоаймақ ұйымдастырылды

Жалпы барлық учаскелердегі дауыс беру орындарында сайлаушыларға, бақылаушыларға және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қажетті жағдай жасалған. Дауыс беру жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар