• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Түркістан облысында алғаш болып дауыс берген азаматтарға Абайдың кітаптары табысталды

20 рет
көрсетілді

Сайрам ауданында орналасқан №533 референдум учаскесінде алғаш болып дауыс берген азаматтарға ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың кітаптары тарту етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Сәбит Аппазұлының айтуынша, бұл бастама тұрғындарды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қазақ әдебиетінің классикалық мұрасымен жақынырақ таныстыруға бағытталған. Сондай-ақ дауыс беру учаскелерінде мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Астанада алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды

«Мұндай шаралар азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттырумен қатар, рухани құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді», дейді комиссия төрағасы.

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру басталды

Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірде 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 55,4%-ын құрайды. Дауыс беру учаскелері ең көп орналасқан өңірлер:

Сайрам ауданы – 89; Сарыағаш ауданы – 82; Жетісай ауданы – 75; Төлеби ауданы – 69; Түркістан қаласы – 65.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар