Бүгін сағат 07:00-де Алматыда №653 сайлау учаскесі ашылып, жалпыхалықтық референдумға ресми түрде дауыс беру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алғашқы минуттан-ақ учаскелерде тұрғындардың белсенділігі байқалды. Көптеген алматылық демалыс күні таңертең ерте келіп, дауыс беруді жөн көрген.
Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру басталды
«Келушілер үшін арнайы фотоаймақтар ұйымдастырылып, алғашқы дауыс берушілерді дәстүр бойынша шағын сыйлықтар мен тәттілермен қарсы алды.Дауыс беру үдерісінің қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінді. Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін Брайль қарпімен жасалған трафареттер дайындалып, кабиналар ерекше қажеттілігі бар адамдарға бейімделді, сондай-ақ онлайн-сурдоаударма қызметі ұйымдастырылды», деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Геннадий Головкин Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы учаскеде дауыс берді
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Инватакси» қызметі жұмыс істеп жатыр. Ал учаскеге келе алмайтын қарттар мен денсаулығына байланысты дауыс бере алмайтын азаматтарға арналған көшпелі жәшіктер арқылы үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.