• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру басталды

80 рет
көрсетілді

Еліміздегі барлық учаскеде дауыс беру басталды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 7:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 10388 учаске дауыс беруге кірісті. 92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Тізімдерге 12 461 796 азамат енгізілді», деді Мұхтар Ерман.

«Ел Дауысы» қорының бақылаушылары сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келді

Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 17 514 есептен шығару куәлігін берді. Республикада 10 388 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 54 елде 71 учаске орналасқан.

Референдум: Қазақстан азаматы Сеулде алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Айта кетейік, саяси науқан басталмас бұрын ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Барлық учаскелердің кедергісіз әрі сапалы жұмыс істеуі үшін тиісті жағдайдың бәрі жасалған.

Комиссия мүшелері азаматтарға кез келген сұрақ бойынша кеңес беріп, дер кезінде көмек көрсету үшін арнайы оқудан өтті. Референдум бүкіл республика аумағында белсенді өтуде.

Соңғы жаңалықтар