• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Наурыз, 2026

Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді

10 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында кейбір рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше,  Алматы, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Орал, Қызылорда, Бішкек және Омск бағыттарындағы 11 рейс кешігіп келеді. Олардың 2-еуі өндірістік себептерге, 3-еуі ұшақ алмастыруына байланысты, ал қалған рейстердің кешігуі ұшақтың кеш келуінен туындаған.

Шымкент, Петропавл, Семей, Алматы және Омск бағыттарында 9 рейс кешігіп жатыр. Оның 2-еуі Астанадағы ауа райына, қалғандары ұшақтың кеш келуіне байланысты.

Flydubai әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды

Сондай-ақ, келу бойынша − 3 рейс, ұшу бойынша − 8 рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған.

 Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

Соңғы жаңалықтар