• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 11:55

Жануарларға қатыгездік көрсеткендер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

30 рет
көрсетілді

Депутаттар бастамашы болған заң жобасында жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Осыған орай, Президент тапсырмасын орындау аясында жануарларға қатігездік көрсеткені үшін жауапкершілік айтарлықтай қатаңдатылады, деп жазады Egemen.kz.

Құжатта жануарларға қасақана зиян келтіру, жарақат салу немесе олардың өліміне әкеп соқтырған әрекет үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделген. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі істің ауырлығына байланысты бірнеше есеге артады. Заңбұзушылық қайталанса немесе ауыр бұзушылық болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылады. Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаза ретінде 2000 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары немесе қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған.

Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі

Ауырлатушы жағдайлар болса үш жылға дейінгі мерзімге бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру, сонымен қатар бес жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазалары қолданылуы мүмкін. Бұдан бөлек, құқық бұзушылық құралдарын тәркілеу және болашақта жануар асырау құқығынан айыру сияқты қосымша шаралар қарастырылған. Сонымен бірге профилактика жұмыстары да күшейтіледі. Бұл бағытта балаларға тәрбие беру, ағарту жұмыстары және табиғатқа ізгілікпен қарауды қалыптастыруға байланысты іс-шаралар өткізу қолға алынады. 

Жануарлар туралы заңға енгізілген түзетулер: деректер, цифрлар және өзгерістердің себептері

Айта кетейік, бұған дейін Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар