• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент Бүгін, 12:04

Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?

30 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Ішкі істер министрлігіне шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды екені туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат шетел азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз қару әкелу құқығына қатысты мәселе көтерді.

«Шетел азаматтарының Қазақстанға кез келген қаруды, оның ішінде антикварлық немесе музейлік қаруды алып келуіне рұқсат бар ма? Азаматтар ол қаруды көшеде алып жүре ала ма? Қаруды бөтен адамның пәтерінде сақтау қаншалықты заңды? Жуырда Назарбаев университеті аумағынан қару табылғаны белгілі болды. Осыған байланысты не айтасыз? Пәтер иесі емес адамның, қару сақтауға арналмаған жерде қаруды сақтауына немесе ұстауына заң бойынша рұқсат етіле ме?», деді Мұрат Әбенов.

Депутат сауалына жауап берген Ішкі істер министрлігінің өкілі Назарбаев университетінде табылған қаруға қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол антикварлық қаруды тиісті лицензия болған жағдайда және арнайы қорапта тасымалдауға рұқсат етілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар