Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры қарсаңында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға мыңдаған жанкүйер жиналып, үлкен спорттық мерекенің куәсі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Концерт барысында эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар стадионда жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын насихаттайтын баннерлер орналастырылып, заң үстемдігі, әділетті қоғам, азаматтардың тең құқығы және мемлекет пен халықтың бірлігі туралы мазмұнды үндеулер көрсетілді.
Конституция – мемлекет пен адам арасындағы қоғамдық келісімшарт
Мерекелік бағдарлама жанкүйерлерді алдағы «Ордабасы» – «Ертіс» ойынына дайындап, стадиондағы атмосфераны қыздыра түсті. Матчты тамашалау үшін стадионға мыңдаған жанкүйер жиналды.
Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады