• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағзым Бүгін, 09:20

Мейрам қарсаңындағы марапат

10 рет
көрсетілді

Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күніне орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен ғалым әйелдерге арналған академик Нәйлә Базанова атындағы марапат табыс етілді.

Биыл екінші рет өтіп отырған мазмұнды іс-шараға өңір­ле­рден отандық ғылымды дамытуға ай­рық­ша үлес қосып жүрген ға­лым­дар қатысты.

Көрнекті ғалым, физиолог Нәйлә Базанованың есімі Орталық Азия елдеріне алғашқы әйел-ака­демик, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология ғылымдарының докторы, про­­фессор ретінде бел­­гілі. Академик Н.Базанова атындағы марапат – ел ғылымының дамуына елеулі үлес қосып жүрген ғалым әйелдерді марапаттауға арналған құрмет белгісі. Марапат ғылым мен технологияның үздіксіз дамуын, академик зерттеулеріндегі жаңашылдықты бейнелейді.

Салтанатты жиында Президент жанындағы ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев ғы­лым саласында табандылықпен еңбек етіп жүрген әйелдерді көктеммен бірге келген сұлулық мерекесімен құттықтады.

«Еліміздің экономикалық да­муын ғылымның қатысуын­­сыз дамыту мүмкін емес. Осы орайда Мемлекет бас­шысы ғы­лым сала­сы­на ора­сан зор міндет жүктеп отыр. Бұл зерттеу қызметін ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгертіп, ғалымды өзінің зияткерлік әлеуетін толық ашуға ынталандыратын жаңа тетіктер жасауға міндеттейді. Жауапкершілігі жоғары міндетті іске асыруда ғылыми қоғам­дастықтың әйел­дер қауымына ерекше сенім артамыз. Нәзік жандылар білім мен ғылымның дамуы­на, қоғам­ның зияткерлік әлеуетін арт­тыруға сүбелі үлес қосып, ұрпақ тәрбиелеп жүр. Жыл сайын ғы­лым­дағы әйелдер үлесі артып, бүгінде көрсеткіш 12 мыңнан асады.  Олардың қатарында ғылым докторларының саны – 898, ғылым кандидаттары – 2 859, PhD – 2 229, бейіні бойынша докторлар – 185.  Ғылымды дамытуға бағытталған кешенді жоспарда ғалым әйелдерге түсетін салмақ та, жауапкершілік те жоғары. Бірақ осындай күрделі міндетті іске асыруда әйелдер өз ісіне деген адалдықпен ел дамуына келелі үлес қосып жатыр», деді ҰҒА президенті.

Алқалы жиын барысында Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбал­дының құттықтауын Жастар саясаты басқармасының бас­шысы Әзиз Қажденбек жет­кізіп, ғылымды қолдауға бағыт­талған жобалар туралы айтып өтті. Ал ізгі лебізін арна­ған ҰҒА академигі Диляра Қайдарова, Қазақ ұлттық қыздар педа­го­ги­ка­лық университетінің ректоры Бейбітгүл Кәрімова қоғамдағы ғалым әйелдердің рөліне, жетісті­гіне тоқталды. 

Салтанатты жиында Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Фаузия Оразбаева, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы республикалық ақпараттық орталық директоры, профессор Меруерт Әбусейітова, Алматы технологиялық универ­си­тетінің профессоры Мариям Алимарданова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Тамара Шалахметова сынды 60-тан астам ғалым марапатталды.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар