1 наурыздан бастап елімізде гидрологиялық жағдай мен су тасқыны қаупі бар аумақтардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміз бойынша су тасқыны болуы мүмкін 1242 елді мекен анықталды.
Су тасқыны кезеңінде ықтимал төтенше жағдайларды жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы саны 39 мың адамнан асатын азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының республикалық және өңірлік топтары құрылған, сондай-ақ 18 мыңнан астам техника мен арнайы құралдар дайындалды.
Су тасқыны қаупі – басты назарда
Барлық қызметтер жоғары жауынгерлік дайындық режиміне келтірілді. Министр ахуал күрделенген жағдайда қажетті шешімдер дереу қабылданады деп сендірді.
Еліміздегі су тасқыны қаупі жоғары өңірлер белгілі болды