• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

10 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 6 наурызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Қарағандыда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтөбеде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ: 06 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 06 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Алматыда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Қонаевта кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 06 наурызда түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде көктайғақ күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 06 наурызда көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Астанада көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды

Соңғы жаңалықтар