• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 18:45

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды

10 рет
көрсетілді

ҚазАвтоЖол компаниясының хабарлауынша, республикалық маңызы бар кейбір тасжол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жолдардың 6 наурыз күні сағат 08:00-де ашылуы жоспарланып отыр. Қолайсыз ауа райына байланысты шектеу жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге енгізілді.

Ақмола облысы бойынша: 

Жезқазған – Арқалық – Петропавл тасжолы, 532-552 км – Бузулук кентінен Сурган кентіне дейінгі аралық;

Қостанай – Әулиекөл – Сурган тасжолы, 232-260 км – Қостанай облысының шекарасынан Сурган кентіне дейінгі аралық;

Жақсы – Есіл – Бузулук тасжолы, 71-82 км – Ақсай кентінен Бузулук кентіне дейінгі аралық.

Қостанай облысы

Қостанай – Әулиекөл – Сурган тасжолы, 8-232 км – Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық.

Ақтөбе облысы

Ресей Федерациясы шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай Халық Республикасы шекарасы тасжолы, 776-965 км – Ақтөбеден Қарабұтақ кентіне дейінгі аралық;

Ақтөбе – Ресей Федерациясы шекарасы (Алимбет өткізу бекеті) тасжолы, 39-136 км – Шәмші Қалдаяқов ауылынан өткізу бекетіне дейінгі аралық.

Бұл екі учаскені сағат 10:00-де ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 5-7 наурыз аралығында елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауатынын хабарланды.

 Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды    
Соңғы жаңалықтар