• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:15

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

20 рет
көрсетілді

Таяу Шығыстағы саяси ахуалдың ушығуына байланысты Air Astana бірқатар халықаралық бағыттар бойынша шектеулерді ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қай бағыттар жабық?

Air Astana компаниялар тобы Дубай, Жидда, Медина және Доха қалаларына жоспарланған барлық тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтататынын мәлімдеді. Сонымен қатар аталған бағыттар бойынша билеттерді сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды.

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді

Әуе компаниясы билеті бар азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр: 30 сәуірге дейін басқа күндерге тегін ауыстыруға болады; Қаржыны толық қайтару мүмкіндігі 11 наурызға дейін ашық.

Еске сала кетейік, Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға соққы жасады. Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүрген Қазақстан азаматтары рейстердің тоқтатылуына байланысты елге қайта алмай отыр. Ал «Қазпошта» Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдеріне уақытша шектеулер қойылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерінің іске қосылғаны хабарланған еді.

Кеше Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізілді. Сонымен қатар Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейсті орындады. 

Соңғы жаңалықтар