• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:34

Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының индустриялық жобаларды қолдау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін кірпіш зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«MM BRICK» ЖШС директоры Есімхан Байғабыловтың айтуынша, жобаның құны – 13,7 млрд теңге. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 80%-ға аяқталып, жабдықтарды жеткізу басталды. Кәсіпорынды іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

«Мемлекеттің көмегімен сумен және жылумен жабдықтау желілерін жүргізу мәселелері шешілді. Қолдау шараларының бүкіл кешені бізге өнімнің кең ауқымын шығаруға жағдай жасап, өңірдің дамуына мультипликативтік әсер береді», деді кәсіпорын басшысы.

42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады

Соңғы жаңалықтар