Семей қаласында кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздықты тудырғаны үшін кінәлі деп танылып, оған сот үкімі шықты. Бұл туралы Абай облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың ақпан айында жасөспірім расистік бағыттағы скинхедтер қозғалысының жақтаушысы болып, Telegram мессенджерінде Skinheads industries-Semey атты чат құрған. Ол топтың әкімшісі ретінде ұлттық негізде адамдарды кемсітетін жазбалар мен аудиохабарламалар жариялаған. Атап айтқанда, Үндістаннан келген студенттер мен олардың мәдениетіне қатысты қорлайтын пікірлер айтқан.
Павлодарда әскерден босатуға уәде беріп, миллиондарды жымқырған офицер жазаланды
Сонымен қатар, ол чатқа өз көзқарасын қолдайтын адамдарды тартып, оның ішінде кәмелетке толмағандарды да қосылуға шақырып, Семейде экстремистік идеяларды таратуға әрекеттенген.
Жасөспірім өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Сот оның кәмелетке толмағанын, бұрын сотталмағанын және кінәсін мойындағанын жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді.
Нәтижесінде сот оған 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектейтін жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.
Семейде жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды