8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облсында көпбалалы аналарға 15 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл қолдау шарасы жыл сайынғы дәстүрге айналып, облыстық бюджет есебінен жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңірде көпбалалы отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның бірі – мереке қарсаңында көрсетілетін әлеуметтік көмек. Төлем марапатталған аналарға, сондай-ақ төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар аналарға беріледі.
8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша өңірде 13 492 көпбалалы ана тұрады. Олардың ішінде 4 234 ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталған, сондай-ақ «Батыр ана» атағын алған немесе I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлері бар. Ал 9 258 ана төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отыр.
Бұл санатқа кәмелет жасына толғанымен, колледждерде немесе жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде білім алып жүрген балалар да оқуын аяқтағанға дейін есепке алынады.
Өңірде көпбалалы аналарды әлеуметтік тұрғыда қолдау мәселесіне ерекше назар аударылып, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жалғасады.
8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды