• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:12

735 мың теңге: Қазақстанда жаңа айыппұл пайда болуы мүмкін

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда жеке детективтердің қызметін реттейтін жаңа заң жобасы қарастырылып жатыр. Мәжіліс депутаттары жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады. Құжатта заң талаптарын бұзғаны үшін жеке мамандарға да, бизнес субъектілеріне де айыппұл салу қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа бап енгізу ұсынылды

Заң жобасын әзірлеушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 470-1-бап – «Детективтік қызмет саласындағы заңнаманы бұзу» деген жаңа норманы енгізуді ұсынып отыр.

Бұл бап бойынша келесі жағдайлар заңбұзушылық ретінде қарастырылады:

заң талаптарына сәйкес келмейтін адамға детективтік қызметке лицензия беру;

белгіленген талаптарға сай келмейтін тұлғаны жеке детектив қызметіне қабылдау (мысалы, 30 жастан төмен немесе заңмен мәселесі бар адамдар);

детективтің қызмет барысында оның мәртебесін растайтын арнайы құжатының болмауы.

Шотына 1 млн теңгеден астам қаражат түсетіндерге айыппұл салына ма? Айыппұл мөлшері қанша?

Егер заң қабылданса, негізгі заңбұзушылықтар үшін айыппұл көлемі мынадай болуы мүмкін:

жеке тұлғаларға – 5 АЕК (2026 жылы 21 625 теңге);

шағын бизнеске – 40 АЕК (173 000 теңге);

орта бизнеске – 80 АЕК (346 000 теңге);

ірі бизнеске – 100 АЕК (432 500 теңге).

Ал дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы ақпаратты жасыру (егер ол қылмыстық жауапкершілікке жатпаса) үшін айыппұл көлемі жоғары болады:

жеке тұлғаларға – 10 АЕК (43 250 теңге);

шағын бизнеске – 60 АЕК (259 500 теңге);

орта бизнеске – 100 АЕК (432 500 теңге);

ірі бизнеске – 120 АЕК (519 000 теңге).

Қайталанған құқықбұзушылықтар үшін айыппұл көлемі тағы да ұлғаяды. Мысалы, ірі бизнес үшін 170 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін және қызметін тоқтату шарасы қолданылуы ықтимал.

«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады

Кімдер детектив бола алады?

Заң жобасына сәйкес, жеке детектив болу үшін Қазақстан азаматы арнайы лицензия алуы тиіс. Детектив қызметін жеке және заңды тұлғалар пайдалана алады. Сонымен қатар детектив пен клиент арасында міндетті түрде келісімшарт жасалуы керек.

Жаңа заң жобасы жеке детективтік қызметті ресми түрде реттеуге бағытталған. Ол саладағы жұмысты ашық әрі заңды етуге, сондай-ақ клиенттердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, нақты талаптар мен жауапкершілік енгізу арқылы заңсыз әрекеттер мен теріс пайдаланудың алдын алу көзделіп отыр.

Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды

Соңғы жаңалықтар