Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернетте жарияланатын хабарландырулар арқылы азаматтарды шетелдегі «жалақысы жоғары жұмысқа» тарту деректері көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен түрлі хабарландыру сайттарында табысы жоғары, жол ақысы мен жатын орны тегін, тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін оңай жұмыс ұсынамыз деген мәтінде хабарландыру жасайды. Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-дағы арналар, WhatsApp топтар мен өзге де онлайн алаңдарда таратылады.
Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыратын агенттіктердің жұмысы бақыланады
ІІМ шетелге барған азаматтар іс жүзінде мынадай жағдайларға тап болып, қысым көруі ықтимал екенін хабарлады:
жеке куәлігі мен өзге де құжаттарының қолды болуы; еркін жүріп-тұру мүмкіндігінің шектелуі; интернет арқылы жасалатын алаяқтық схемаларға күштеп тарту; уәде етілген жалақының берілмеуі; «босату» немесе елге қайтару үшін ақша талап ету; қысым көрсету, қорқыту.Мемлекет басшысы алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды
Ведомство сақтық үшін маңызды ескерілуі тиіс талаптарды атап өтті:
шетелге жұмысқа тек ресми тіркелген, лицензиясы бар агенттіктер арқылы барыңыз; жұмыс беруші туралы мәліметті және келісімшарт талаптарын жан-жақты тексеріңіз; құжаттарыңыз бен жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаңыз; сапар бағыты мен баратын жеріңіз туралы жақындарыңызға алдын ала хабар беріңіз.Интернет-алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды
Егер күмәнді ұсыныс алсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген дұрыс.