• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:08

Астанада мереке күндері CTS Орталық кассасы жұмыс істемейді

30 рет
көрсетілді

«City Transportation Systems» алдағы мереке күндеріне байланысты Орталық кассаның жұмыс кестесінде өзгерістер болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«8 және 9 наурыз күндері Халықаралық әйелдер күніне байланысты Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан Орталық касса жұмыс істемейді. Осыған орай құжат тапсыру немесе басқа қызметтерді алу үшін келуді жоспарлаған азаматтардан бұл өзгерісті ескеруді сұраймыз», делінген хабарламада.

7 наурыз, сенбі күні  әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді. Ал 10 наурыздан бастап мекеме жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады.

Орталық кассаның тұрақты жұмыс уақыты:

Дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Келушілерге арналған соңғы талон сағат 17:45-те беріледі. Түскі үзіліс қарастырылмаған, қызмет көрсету үзіліссіз жүргізіледі. Жексенбі – демалыс күні.

Орталық кассаға баруды жоспарлаған кезде жоғарыда көрсетілген өзгерістерді алдын ала ескеру қажет.

 Қазақстанда автобустар жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат тарату алаңына айналды

Соңғы жаңалықтар