• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

10 рет
көрсетілді

Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 мен 20 жас сана­тындағы жастар арасында ел чемпио­наты өтті. Барлық өңірден 1 200-ден астам жас балуан қатысып, бозкілемде өз шеберлігін сынады.

 Грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында жалпыкомандалық есепте Алматы облысы 130 ұпаймен көш бастады. Абай облысы 105 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, Шымкент қаласы 93 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Ал 20 жасқа дейінгі жастар арасында Алматы облысының балуандары 131 ұпаймен топ жарды. Шымкент қаласы 115 ұпаймен екінші, Ақтөбе облысы 104 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгі қыздар арасында Алматы қаласының құрамасы 137 ұпаймен алға шықты. Түркістан облысы 108 ұпаймен екінші, Жетісу облысы 94 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. 20 жасқа дейінгі жастар додасында Алматы қаласының спортшылары 177 ұпаймен топ бастады. Түркістан облысы 144 ұпаймен екінші, Алматы облысы 113 ұпаймен үшінші сатыға көтерілді. Ал еркін күрестен U17 санатында Шымкент қаласы 128 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Абай облысы 119 ұпаймен екінші сатыға тұрақтаса, Алматы қаласы 118 ұпаймен үшінші орынды иеленді. U20 санатында Алматы қаласы 177 ұпаймен көш бастаса, Түркістан – 130, ал Алматы облысы 108 ұпайға қол жеткізді. Біріншілікте спортшылардың қайсар мінезі мен шеберлігі де жоғары бағаланып, «Қайсар рух», «Дара тәсіл» аталымымен бірнеше балуан марапатталды. Футболдан еліміздің әйелдер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы матчта жеңіске жетті. Өз алаңында Армения әйелдер құрамасына қарсы сынға түскен қыздар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Александра Бурова 35-минутта есеп ашса, Әнел Мамырова – 76, Бибігүл Нұрышева 79-минутта еншісіне гол жазды. Ұлттық құрама ойыншылары 7 наурыз күні Беларусь қыздарына қарсы тартысқа түседі. Кеше Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпио­наты басталды. Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы Илья Мизерныхқа зор сенім артылып отыр. Сонымен қатар Давид Гааль, Артем Мешков, Даниил Калинкин, Виктория Рулева, Анастасия Горунова, Алиса Седова, Алена Свириденко жаһандық додада сынға түседі. Бүгін Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден клас­сикалық және спринтерлік көп­сайыстан әлем чемпионаты басталады. Жаһандық аламанға елімізден үш спортшы қатыспақ. Классикалық көпсайыста Надежда Морозоваға үміт артылса, спринтерлік көпсайыс додасында Арина Ильященко мен Артур Ғалиев айдынға шығады. Әлем чемпионаты 8 наурызда мәресіне жетеді. 
Соңғы жаңалықтар