Қарағанды облысында жаңа Конституцияның жобасы Брайль қарпімен жарық көріп, көпшілік назарына ұсынылды. Ерекше басылым облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада таныстырылды. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып, ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Басылымды әзірлеуге арнайы кітапхана мамандары атсалысып, Брайль қарпімен басып шығаруға арналған заманауи тифлотехникалық құрылғылар мен арнайы принтерлер қолданылды. Кітапхана қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айжан Исинаның айтуынша, мәтінді қазақ және орыс тілдерінде басып шығару мүмкіндігі бар. Конституция жобасы екі тілде де жарық көрген.
Экология және еңбек адамы: Атырау облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлы жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен теңдік қағидаттарына айрықша мән берілгенін атап өтті. Оның сөзінше, басты құндылық – адам. Құжаттың жаңартылған нұсқасында барлық азаматтарға тең құқық пен мүмкіндік беру басым бағыт ретінде қарастырылған. Бұл – әділетті әрі инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы негізгі ұстаным.
Сондай-ақ облыс әкімінің аппараты жанындағы гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші Айжан Қиясова да бастаманың маңызын ерекше атап өтті. Бүгінде басылым даналары кітапхана қорына енгізіліп, оқырмандарға қолжетімді етілді.
Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы меншік құқығын қорғауға бағытталған
Аталған жоба қолжетімді әрі инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болып, құқықтық ақпараттың әрбір азамат үшін ашық әрі қолжетімді болуы тиіс екенін тағы бір мәрте айқындады.