Төтенше жағдайлар министрлігі елордадағы Сарайшық ауданы Т. Жүргенов көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сағат 14:58 шамасында өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіруге кіріскен. Мамандардың алғашқы легі жеткенде кіреберісте қалың түтін байқалған. Ал үй тұрғындары өз күштерімен сыртқа шыққан.
Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің 6-қабатында лифттің ағаш қаптамасы мен электр кабелі 2 шаршы метр аумақта жанғанын мәлімдеді.
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Ақмола облысындағы өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні жарияланды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ал зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.