• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:40

Жетісуда 4546 құрт дайындалды

20 рет
көрсетілді

Алғыс айту күніне орай Жетісу облысының Қаратал ауданында «Алғыс – бірлік бастауы» атты мерекелік іс-шара өтіп, ел көлемінде жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Іс-шара аясында Достық үйінде 30 өзге этнос өкілінің қатысуымен небәрі 20 минут ішінде 4546 дана құрт дайындалып, Қазақстандық КИнЭС рекордтар кітабына енді. Бұл көрсеткіш – тек сандық жетістік емес, ортақ мақсат жолында жұмылған жұртшылықтың ұйымшылдығы мен ынтымағының нақты көрінісі болды. Ұлттық тағамды ұлықтау арқылы ел бірлігінің символы айшықталды.

Мерекелік шара алдымен Бастөбе ауылындағы «Қазақ халқына мың алғыс!» монументінде гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Кейінгі ресми бөлімде ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама – алғыс айту мәдениетін дәріптеп қана қоймай, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтудың жарқын үлгісі.

Осылайша, Алғыс айту күні Қараталда жаңа тарихи нәтижемен есте қалды. Бірлік пен ризашылықты ту еткен игі шара ел ынтымағын тағы бір мәрте айқындады.

Соңғы жаңалықтар