• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Кеше

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

20 рет
көрсетілді

Қазақстан боксшысы, Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысу туралы шешім қабылдады. Енді ол 90 келіге дейінгі салмақ бойынша жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ақпаратты журналист Аслан Қаженов әлеуметтік желіде жариялап, жаңа салмақта бәсекелестіктің арта түсетінін атап өтті.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сонымен қатар ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған, ал 2026 жылы Ұлан-Баторда өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленген. Бұған дейін спортшының негізгі жетістіктері 80 келіге дейінгі салмақта тіркелсе, соңғы құрлықтық додада ол 85 келі салмақта чемпион атанған.

Надежда Рябец бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Боксшының егіз ағасы Айбек Оралбай да халықаралық аренада жоғары нәтижелерімен белгілі. Ол – Азияның үш дүркін чемпионы, Қазақстан құрамасының капитаны және қазіргі таңда 90 келіден жоғары салмақта World Boxing рейтингінде көш бастап тұр.

Сонымен бірге, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында бокс бағдарламасында салмақ дәрежелері қысқартылып, ерлер мен әйелдер үшін 7 санат қана қалатыны белгілі болды. Осы өзгерістерге байланысты Нұрбек Оралбай 80 немесе 90 келі салмақтың бірін таңдауы қажет болған.

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті

Соңғы жаңалықтар