• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 19:34

Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді

30 рет
көрсетілді

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені қалдықтарды тиімді пайдалану арқылы «жасыл» энергетиканы дамытуға бет бұрып отыр. Соның айқын дәлелі – құс фабрикасы негізінде іске қосылған биогаз жобасы, деп жазады Egemen.kz.

Бұл бағыттағы табысты жобалардың бірі – Агрофирма Курма серіктестігі. Кәсіпорын 2018 жылы құс қалдықтарын өңдеу арқылы биогаз өндіру жүйесін енгізіп, электр және жылу энергиясын, сондай-ақ биотыңайтқыш шығаруды жолға қойған. Жобаның жалпы инвестициялық құны 573 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта биогаз станциясы тәулігіне 150 тоннаға дейін тауық саңғырығын өңдейді. Соның нәтижесінде метан мөлшері 65% болатын 22-23 мың м³ биогаз өндіріледі. Ал электр энергиясының өндірісі сағатына 600 кВт-қа дейін жетсе, органикалық тыңайтқыштар көлемі тәулігіне 20 тоннаға дейін ұлғайған.

Жасыл энергияны өркендету қадамы

Технологияның негізі – органикалық қалдықтарды ферментациялау. Осы үдеріс барысында алынған биогаз электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Сонымен қатар кәсіпорын өз алқаптарында қолданылатын тыңайтқыштарды өзі өндіру арқылы импортқа тәуелділікті азайтып, шығынды қысқартып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жоба іске қосылғалы бері 15 млн кВт/сағ электр энергиясы өндіріліп, кәсіпорынның жылдық табысы 100-190 млн теңге аралығында қалыптасқан.

Жалпы, «Агрофирма Курма» тәжірибесі өндіріс қалдықтарын тиімді игеру арқылы тұрақты әрі табысты бизнес қалыптастыруға болатынын көрсетеді. Бұл – отандық агросекторда экологиялық таза өндірісті дамытудың және қосымша табыс көзін арттырудың нақты үлгісі.

Жасыл энергияның жәрдемі

Соңғы жаңалықтар